{metadescription}
Экс-чемпион әйелге тиіскені үшін 4 жылға сотталуы мүмкін

Экс-чемпион әйелге тиіскені үшін 4 жылға сотталуы мүмкін

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) АҚШ-та әйелге шабуыл жасады деп айыпталуда.

Оқиға 2018 жылдың 9 маусымында Калифорния шатытндағы Биг-Бэр қаласында болған. Іске жақын мәлімет көздері Ковалевтің сауық кешінде әйел адамға қырындағанын айтады. Әйел боксшының бұл әрекетін жақтырмаған. Осыдан кейін ресейлік досымен бірге әйелдің артынан оның үйіне барып, оқиға сол жерде болғанға ұқсайды. 

Әйелдің сөзінше, Ковалевтің соққысынан кейін оның мұрны сынған, миы шайқалған және желке омыртқасы орнынан қозғалып кеткен. Полиция Ковалевті бірден іздеп, оны тұтқындаған. Оған күш қолданып, шабуыл жасады деген айып тағылады. Боксшы төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ковалев сотта жауап беріп, айыбын мойындамаған. Науырзда екінші сот отырысы өтеді. Әйелге шабуылдан екі ай өткен соң Ковалев колумбиялық Элейдер Альварестен (24-0, 12 КО) нокаутпен жеңілді. 2 ақпанға қарымта белгіленген. 

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде