{metadescription}
Өскеменде ер адам араққа ақша табу үшін дүкенді тонады

Өскеменде ер адам араққа ақша табу үшін дүкенді тонады

Өскеменде дүкенге жасалған қарақшылық шабуылға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Полицейлердің айтуынша, Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне дүкен сатушысы хабарласып, белгісіз ер адам пышақпен сес көрсетіп, кассадан 80 мың теңгені алып кеткенін айтқан. Әйелдің сөзіне қарағанда, ол орта жастағы ер адам болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер дүкенде видеобақылау камерасы істен шыққандықтан, сатушының айтуы бойынша күдіктінің кім екенін жорамалдаған. Бірақ көшедегі камералар жұмыс істеп тұр екен. Солардың көмегімен күдіктінің дүкенді тонағаннан кейінгі әрекеттері анықталды. Іздестіру шараларының нәтижесінде ұсталған 51 жастағы азамат өз кінәсін толық мойындады.

Анықталуынша, ол танысымен бірге отырып арақ ішкен. Ол таусылған соң тағы да  жалғастыру үшін ақша тауып келмек болған. Күдікті тергеу оқшаулағышына жіберіліп, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.