{metadescription}
Құбыр жарылысынан 66 адам қаза тапты

Құбыр жарылысынан 66 адам қаза тапты

Мексикадағы құбыр жарылысынан 66 адам қаза тауып, тағы 70 адам зардап шекті.

Қайғылы оқиға жұма күні кешкісін Идальго штатында орын алған. Жергілікті тұрғындар жанармайы бар құбырға рұқсатсыз ойық жасағаннан кейін өрт тұтанып, артынша жарылыс болған. Тілсіз жауды сөндіруге бір тәулікке жуық уақыт керек болды.

Жағдайға байланысты елде төтенше жағдайлар бойынша ұлттық комиссия өз жұмысын бастады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Мехика қалалық билігі дәрігерлерді 4 тікұшаққа отырғызып, Идальгоға жіберді.

Айта кету керек, Мексикада құбырды тесіп, отын ұрлау - қалыпты іс. Мұндай жағдайлардың жиілегені сонша, ол тіпті отын тапшылығына да апарып соқтырған. Билік жанармай ұрлығымен күресуге бар күш-жігерін салып отыр. Жыл басында құбыр мен цистерналарды күзетуге әскерді тартуға тура келген. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.