{metadescription}
Ыдыс жуушы әйел жексенбі күні жұмысқа шықпай, 21,5 миллион доллар өндіріп алды

Ыдыс жуушы әйел жексенбі күні жұмысқа шықпай, 21,5 миллион доллар өндіріп алды

60 жастағы Мари Жан-Пьер Майамиде бірнеше жылдан бері ыдыс жуушы болып жұмыс істеді.

Ол басшылыққа жексенбі күні жұмысқа шыға алмайтынын алдын ала ескерткен. Алайда күндердің күнінде оның жұмыс кестесі ақыры өзгеріске ұшыраған. Мари бірнеше мәрте жексенбі күні жұмысқа шықпай қойған соң, оны Conrad Miami қонақ үйінен қуып жіберген. Алайда әйел діни себеппен дәл осы күні жұмысқа шыға алмайтынын ескерткен. Америкалық әйел «Воины креста Христова» шіркеуінің ерушісі болатын. Ол жексенбі күні шіркеуге баруы керек болған.

Ал мекеме егде жастағы қызметкермен арадағы қарым-қатынасты түзеудің орнына оны жұмыстан шығара салған. Алайда ақыр соңында сол үшін айып төледі. Әйел бұрынғы жұмыс берушілерінің заң бұзғанын мәлімдеп, оларды сотқа берген.

Алты баланың анасы өзінің діни құқығының тапталғанын сендіре айтқаны соншалық, сот жұмыс берушілерді 21,5 миллион доллар төлеуге міндеттеді. Мұның ішінде жалақы, моралдық шығын және эмоционалдық соққы бар. Алайда Мари ақшаны емес, әділеттілікті көксегенін айтады.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.