{metadescription}
ШҚО-да қар құрсауынан 312 адам құтқарылды

ШҚО-да қар құрсауынан 312 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 312 адам  эвакуацияланды.

«06.00-дегі жағдай бойынша 312 адам эвакуацияланды, оның 28-і ауруханаға, 40 адам Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке, 55-і - Ақтамберді орта мектебіне, 19-ы - колледжге, 60-ы - Таскескен ауылының тұрғындарына, 70-і - «Айгерім» кафесіне орналастырылды. 40 адам Үржар ауылындағы үйлеріне жеткізілді. Қар құрсауында қалған басқа адамдар эвакуациядан бас тартты», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

«Қар кептеліп қалған жерде 231 көлік құралы тұр. Жергілікті атқару органдары ыстық тамақтар мен көлік үшін жанармай беруді ұйымдастырды. Адамдар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Қазір жол тазаланып жатыр», - деді ол. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде