{metadescription}
Инспекторды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Инспекторды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Инспекторды өлтірді деген күдіктілер Қызылордада ұсталды. 

«Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаменті қызметкерлерінің Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қылмыс инспектордың Қарағанды облысы Нұра ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде болған еді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Қарағанды облысының Нұра ауданында "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Салдарынан қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.