{metadescription}
Алматы облысында жасөспірімді пышақтап өлтіріп кетті

Алматы облысында жасөспірімді пышақтап өлтіріп кетті

Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды.

Оқиға Қарасай ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кісі өліміне соқтырған оқиға 20 қаңтар күні тіркелген. Қазір күдікті ретінде қайтыс болған баланың танысы қамауға алынды. Аталған фактіні облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Оқиғаны растаймыз. Қазір осы фактіге орай ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді  аталған ведомства қызметінен.

Айта кету керек, ұсталған күдікті 2000 жылы туған. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде