{metadescription}
Полицей 27 жастағы қызды таксиден түсіріп, көлігінде зорлаған

Полицей 27 жастағы қызды таксиден түсіріп, көлігінде зорлаған

5 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, екеуі қамауда отыр.

Түркияның Стамбул қаласында 27 жастағы өзбекстандық қызды зорлаған полицей 46 жылға сотталуы мүмкін. Екі жол сақшысы таксиді тоқтатып, ішінде жолаушы болып отырған 27 жастағы Өзбекстан азаматын шығарып алған. Полицейлер жас қызды қызметтік көлігіне отырғызып, 4 сағат бойы ұстаған. Біреуі көліктің ішінде қызды зорлайды. Оған қоса 1.400 түрік лирасын тартып алып, Жеті мұнара ауданына апарып тастаған.

Қыз қос полицейдің үстінен шағымдану үшін Ақсарай Шехит Ведат Улусой полицей бөлімшесіне келеді. Сол жерде полиция қызметкерімен жолығып, мән-жайды баяндайды.

«Оның да асырап отырған бала-шағасы бар, онсыз да өз ісіне қатты өкініп отыр. Жазасын мен беремін, сен еш уайымдама, енді саған жақындай алмайды. Егер тағы тиіссе, маған хабарлас», -  деп полицей арызын қабылдамай қойған. 

Тағы бір комиссар «оны өзім жазалаймын, басқа жерге ауыстырып жіберемін» деп арызын алмай, шығарып салған. Сол күні Фатих ауданы полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған офицер де арызданушының шағымын тыңдағанымен, қажетті шараларды қолға алмағаны белгілі болды. Полицейлер сол күні тартып алған 1400 түрік лирасын қызға қайтарып берген.

Екінші күні қыздың досы полицейдің қалай жазаланғанын білу үшін бөлімшеге келеді. Алайда полицейлердің ешқайсысы оқиға жайлы естімеген болып шықты. Осылайша қыздан қайтадан жауап алынды. Бойжеткенді зорлаған тәртіп сақшысы пен оның сыбайласы, сондай-ақ арызды кері қайтарған үш тәртіп сақшысы полиция учаскесінде ұсталды.

Күдікті қызды зорламағанын, жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін айтып, кінәсін мойындамады. Бұған қоса, қыздың ақшасын тартып алғанын да жоққа шығарды. Іске қатысты басқа әріптестері де өздеріне тағылған айыптан бас тартты.

Қазір көлікте болған екі полицей қамауда, қалған үшеуі сот бақылауымен босатылды. 5 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қызды зорлады деген күдікпен ұсталған тәртіп сақшысын 46 жылға дейін, сыбайласын 10,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралып отыр. Тағы біреуі 15,5 жыл, қалған екеуі 10,5 жылға сотталуы мүмкін.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.