{metadescription}
Алматы-Өскемен автожолында 5 автобус діттеген жеріне жете алмады

Алматы-Өскемен автожолында 5 автобус діттеген жеріне жете алмады

Автобустардағы жолаушылардың саны 100-ге жуық.

Алматы облысынан Шығыс Қазақстан облысына жол тартқан бес автобус бұрқасын мен көктайғаққа байланысты  «Үшарал» бақылау-өткізу бекетінде қозғалысын тоқтатты. Автобустардағы жолаушылардың саны 100-ге жуық. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, жолаушыларға жан-жақты көмек көрсетілуде.

Олар жақын маңдағы қонақүйлерге орналастырылып, облыс әкімдігі тарапынан ыстық тамақ ұйымдастырылды. Қозғалыстың тоқтауына наразылығын білдірген жолаушыларға полиция қызметкерлері жолдың қауіпсіздік үшін жабылғанын түсіндіруде.

«Қазірігі уақытта желдің ұйытқуынан көру мүмкіндігі нашарлаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Өскемен республикалық автожолының кейбір бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабылды», - делінген баспасөз баянында.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде