{metadescription}
БҚО-да жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

БҚО-да жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті

Батыс Қазақстан облысында 30 адамды алып бара жатқан автобус жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қаңтар күні сағат 05.00-де «Орал-Атырау» жолының 76-шақырымында Ақжайық ауданы Бударин ауылы маңында болды. DAEWOO маркалы автобус жыраға түсіп кеткен. Автобуста 30 жолаушы болған, оның төртеуі - балалар.

Жолаушылар түгелдей басқа автобусқа отырғызылды. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ осы күні сағат 05.30-да Ақжайық ауданы аумағында «Чапаев-Қазталов» жолының 5-шақырымында жыраға құлап кеткен «Фольксваген Шаран» көлігі шығарылды.

Айта кетейік, жыл басынан БҚО-да 148 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 204 адам құтқарылды. 99 адам эвакуацияланды. Осы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстанда автожолдар жабылуда. Қазіргі кезде жолдардың барлығы ашық.

Дереккөз:ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.