{metadescription}
ШҚО-да қар көшкіні болады

ШҚО-да қар көшкіні болады

ШҚО-да осы аптаның аяғына дейін қар көшкіні қаупі сақталады.

Құтқарушылар мәлімдегендей, қар көшкіні 22-27 қаңтар аралығында болуы ықтимал. «Өскемен-Северное», «Өскемен-Самар», «Өскемен-Алтай», «Сөгір-Бесүй», «Берел-Рахман» қайнары, «Риддер - Чекмар» кеніші бағытындағы жолдарда көшкін түсетін бөліктер көп. Аталмыш бөліктерде қардың қалыңдығы 30-130 см аралығында.

«Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары таудағы қардың қалыңдығын сәт сайын өлшеп, мониторинг жүргізуде. Өйткені 4-5 күн бойы жауған қардың соңы жылымыққа ұласады деген болжам бар. Бұған дейін дәл осындай ауа райы Өскемен-Северное бағытындағы жолды қар көшкіні жауып қалуына себепкер болған.  Қауіпті жағдайға байланысты аймақ тұрғындарына таулы аймақтарға бармауға кеңес береді мамандар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде