{metadescription}
Әйел шекерадан сіңлісінің құжатымен өтпек болған

Әйел шекерадан сіңлісінің құжатымен өтпек болған

Қорғас шекаралық бақылау жасағының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығына бөтен құжатпен кірмек болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды.

Бұл туралы ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Тексеруге ұсынған құжаты бойынша 1985 жылы туған Шолпан, бір қараған адамға ешқандай күдік келтірмейтін еді. Түр-әлпеті құжаттағы суретке келіңкірейді. 

«Шекарашылардың күдігі расқа айналды. Шекарашылармен 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оның 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты (есімдері өзгертілген)» делінген хабарламада. 

Бөтен құжат көрсетуінің себебі - оған елден шығуға тыйым салынған екен. Бұл жайында ішкі істер органдарына хабарланды. 

Осы тексеру пунктінің шекарашылары кеше кешкілік сағат 18:30 шамасында орталықтың аумағын аралап жүріп автокөліктер тұрағының маңынан 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 180 кг-ға жуық Қытай дәрі-дәрмегін тауып алды. Ешқандай құжатсыз жүктің, әдеттегідей, иесі табылған жоқ. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде