{metadescription}
Алғашқы ҰБТ қорытындысы жарияланды

Алғашқы ҰБТ қорытындысы жарияланды

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов қысқы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерін жариялады.

18-20 қаңтар аралығында бірінші қысқы ақылы ҰБТ өтті. Оған қатысу үшін 35 838 адам өтініш берді, оның ішінде 25 615 адам қазақ тілінде білім алады. ҰБТ-ға 34 687 адам қатысты. 24 012 адам межелік деңгейден асты, ал 10 675-ы өте алмады.

Мемлекеттік тілде тапсырғандар саны 25 мыңнан асса, он мыңнан астам оқушы орыс тілінде тестілеуден өткен. Ағылшын тілін 61 талапкер таңдапты. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі тоғыз оқушы өз білімін тексеріп көрді. Сегіз мыңнан астам талапкер "Математика – физика" пәндерін таңдаған, ал алты мыңдай болашақ студент "Химия — Биология" пәндері бойынша бақ сынауды жөн көріпті.

Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша сегіз шағым түсті, олардың үшеуі қанағаттандырылған. Еске салайық, 2019 жылдан бастап Қазақстанда ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға болады: қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде