{metadescription}
Астаналық ер адам әйелді көшеде сабап тастаған

Астаналық ер адам әйелді көшеде сабап тастаған

Әйелді сабап тастаған ер адам iKomek бірыңғай байланыс орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Оқиға Астанада, Гете көшесінде болған. Видеода ер адам жанындағы әйелді жұлқылап, бір ұрып жерге құлатады. Құлаған әйел қарсылық білдіреді, алайда бұл ер адамды тоқтатпайды. Сұлап түскен әйелді әлгі жігіт ұра бастайды.  Кадрда 5 адам оқиғаға куә болса да, араласпай қарап тұрған. Полицейлер көпшілікті бұндай жағдайда жәрдемдесуге шақырады. Жігіт пен әйелдің бір-біріне кім екендігі және араларында не үшін жанжал шыұұаны белгісіз.

Құқық қорғаушылар арада 4 минут өткен соң видео кейіпкерін бөлімшеге алып кеткен. Жыл сайын Қазақстанда 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Ал күніне 10 мыңнан астам әйел зорлық құрбаны болады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде