{metadescription}
Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 2-4 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Қазгидромет» РМК 2-4 ақпанға арналған ауа рай болжамын ұсынады. Температураның жоғарылауына, республиканың басым облыстарында қардың жаууына және бұрқасынның соғуына ықпал еткен оңтүстік циклон Алтайға қарай жылжыды.

Ал, Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, соның салдарынан еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35...42°, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін аяз болады. Бірақ, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аязды әлсіретеді. Қар жауып, бұрқасын және республиканың басым облыстарында екпінді жел соғады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде