{metadescription}
Астанада өрттен 5 бала қаза тапты

Астанада өрттен 5 бала қаза тапты

Астанадағы өрт кезінде бес бала мерт болды.

Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. 4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келген. 30 шаршы мер аумақты шарпыған жалын салдарынан 25 шаршы метрлік төбесі жабынды опырыла құлаған.

Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. Өрт орнынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018  жылдары туған бес баланың мәйіті табылды. Олардың әке-шешесі жұмыста болған. Өрт сөндіруге Астана ТЖД-нің 17 адамы мен 5 техникасы, ТЖК Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 4 адамы мен 1техникасы тартылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде