{metadescription}
Балалар мінген автобус аударылып, 7 адам ажал құшты

Балалар мінген автобус аударылып, 7 адам ажал құшты

Ресейдің Калуга қаласында автобус аударылды.

Жол-көлік апаты Калуга облысы Бабынинск ауданының Извеково елдімекеніне жақын жердегі өңірлік маңызы бар трассада (37-інші шақырым) болды. Смоленсктен Калугаға бет алған көлік бір бүйіріне аударылған. Апат салдарынан жеті адам қаза болды, олардың төртеуі - балалар.

Бұдан бөлек 31 адам зардап шекті. РФ Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, балаларды тасымалдап бара жатқан автобуста 48 адам болған, олардың 33-і - балалар. Калуга облысының губернаторы зардап шеккендерге көмек көрсету және істің мән-жайын анықтау бойынша құрылған жедел штабты басқаруда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде