{metadescription}
0:000:00

Өскеменде полиция көлігі адам қағып кетті

Өскеменде патурльдік көлік көшедегі адамды қағып кетті.

Жол көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды Алтайньюс.

– Әйел адам бағдаршамды жаяу жүргінші жолымен өтіп келе жатқан. Осы сәтте оны Глубокое аудандық полиция бөлімшесінің қызметтік көлігі қаққан. Түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.

Бейнежазбадан байқасақ, полиция көлігі айтарлықтай жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Тежегішті басқаннның өзінде инерция күшімен келіп, жаяу жүргіншіні қаққан. Полицияның мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345 бап 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жағдайдың анық-қанығы белгілі болған кезде, айыпты азамат екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде