{metadescription}
Димаш Құдайберген америкалық байқауда 100 ұпайдың 98-ін жинады

Димаш Құдайберген америкалық байқауда 100 ұпайдың 98-ін жинады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық CBS телеарнасындағы The World's Best (Әлем үздігі) таланттар шоуының келесі кезеңіне өтті.

Димаш Құдайберген The World’s Best шоуында қазылар алқасы мен көрерменді тәнті етті. Ең жоғары 100 ұпайдың ішінен қазақстандық орындаушы 98 ұпай жинаған.  Әнші Қытайдағы I am a Singer жобасында орындаған !S.O.S d’un terrien en détresse, әнімен сахнаға шыққан.

Америкалық шоудың қазылары Димашқа тік тұрып қол соққан. Төрешілер Дрю Бэрримор, Ру Пол және Фэйт Хилл Димашқа 50 ұпай берген, халықаралық қазылар 48 ұпай қосқан. Соңында қазақстандық әнші 100 ұпайдың 98-ін жинады. 

Шарт бойынша қатысушылар келесі кезеңге өтуі үшін кем дегенде 75 ұпай жинауы тиіс. Америкалық The World's Best телешоуына қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешованың да қатысатыны хабарланған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.