{metadescription}
24 жастағы жігіт Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

24 жастағы жігіт Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Әлихан Қапановтың туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз жазған.

«Белгісіз бағытта үйден шығып, қайта оралмады. Телефоны да сөндірулі. Өзімен бірге үйдің кілтін алып жүретін, бірақ бұл жолы кілтті алмай кетті», - дейді жігіттің туыстары.

Туыстарының айтуынша, Әлихан дәл уақытында үйге келетін және кешігіп жатса әрқашан ата-анасын ескертіп отыратын болған. Жігіт сағат 16:30 шамасында Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы үйінен шыққан. Сол күні ол үстіне көк күрте және қара бас киім мен джинсы шалбар киген екен.  Бойы -180  см.

Әлиханның туыстары оны көргендер болса, полицияға немесе + 7 701 235 17 19 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.