{metadescription}
Шымкентте жас келіншек ірі сауда орталығында босанып қалған

Шымкентте жас келіншек ірі сауда орталығында босанып қалған

Шымкентте жас келіншек ірі сауда орталығының әжетханасында босанып қалған.

Артынша жаңадан босанған ана Түркістан облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 жастағы келіншек екінші перзентіне 40 апталық жүктілік мерзімінде болған. Ол сауда орталығына барғанда кенет толғағы қысқан. Ол «бүйрегім ауырды» деген оймен әжетханаға кіріп, сол жерде босануға тура келген. Жедел жәрдем қызметі келгенше орталықтың күзетшісі мен кезекші дәрігер толғақты қабылдаған.

Дүниеге келген қыз бала анасының екінші перзенті екені анықталды. Нәрестенің салмағы 2 келі 800 грамды құраған. Соңынан жедел жәрдем қызметі келіп, жас ананы облыстық перинаталдық орталыққа апарып, дәрігерлер кіндікті сол жерде кескен. Біршама тоңып қалған әйелге тиісті ем дом жасалып, қазіргі таңда жағдайы қалыпқа түскен. Медицина қызметкерлері қазіргі таңда ана мен баланың да өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде