{metadescription}
Сирек кездесетін дертке шалдыққан 13 жасар бала құбыжыққа айналды

Сирек кездесетін дертке шалдыққан 13 жасар бала құбыжыққа айналды

Үндістанда 13 жастағы оқушы Лалит Патидар «құбылғыш бейне синдромы» атауымен танымал сирек кездесетін дертке шалдыққан.

Соның салдарынан жеткіншектің бетіне шаш қаулап өскен. Лалит  туа бітті гипертрихоз дертіне шалдыққан. Мұндай ауру кезінде шаштың шамадан тыс өсуі дененің әр жерінен байқалуы мүмкін. Бүгінде оқушының бетіне шаш қаулап өскен, деп жазады The Daily Mail басылымы.

13 жастағы оқушы мектепте танымалдыққа ие болған. Алайда бейтаныс адамдар оны кемсітіп, тас лақтырады екен. Осыған қарамастан Лалит сырт келбетіне үйреніп, өзін жайлы сезінеді. Лалит болашақты полиция қызметкері атанып, «ұрылар мен қылмыскерлердің бәрін түрмеге қамағысы» келеді.

«Мен адал полицей ретінде ақша тауып, осылайша ата-анама қамқор болғым келеді», – дейді ол.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде