{metadescription}
Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Алматыда 6 ақпан күні жоғалып кеткен 24 жастағы Әлихан Қапановтың денесі табылды.

24 жастағы Әлихан Қапанов 6 ақпан күні із-түссіз кеткен болатын. Оның денесі табылғандығын Алматы қалалық полиция департаменті растады. Алматы Полиция департаментінде хабарлағандай, марқұмның денесінен азаптап өлтіру белгілері табылмаған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам үсіп қайтыс болған. 

Естеріңізде болса, әлеуметтік желіде қаза болған жігіттің 6 ақпан күні сағат 16:30-дар шамасында үйден шығып кеткендігі туралы туыстары мен достары айтып, іздеу жариялаған болатын. Туыстарының айтуынша, Әлихан дәл уақытында үйге келетін және кешігіп жатса әрқашан ата-анасын ескертіп отыратын болған.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде