{metadescription}
Ақтауда түрмеден қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Ақтауда түрмеден қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Ақтауда ұрлық үшін сотталып, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде (ГМ-172/8, қоныс колония) жазасын өтеуден қашқан 29 жастағы азамат ұсталды.

Бұлтуралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Хабарланғандай, 2019 жылдың 4 ақпанында жазасын өтеуші М.Бердиев колония аумағында бақылаусыз жүру мүмкіндігін пайдаланып, «Еңбек-Ақтау» РМК-дағы жұмыс орнынан қауіпсіздігі төмен мекемеге қайта оралмаған.

«10 ақпан кешкісін ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде М.Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Қазір сотталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Түзету мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде