{metadescription}
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам ажал құшты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам ажал құшты

Алматы маңындағы Құлжа тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Жол апаты 10 ақпанда Талғар ауданында Панфилов ауылының маңында болған. Mercedes, Kia, Toyota және ГАЗ көліктері апатқа ұшыраған.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 банының 4 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін, Катонқарағай мен Топқайың ауылдарының арасында жол көлік оқиғасынан екі адам қаза тапқан болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде