{metadescription}
Ашынған мұғалім сұқбат беруге жалаңаш күйінде келді

Ашынған мұғалім сұқбат беруге жалаңаш күйінде келді

Кембридж университетінің докторы, оқытушы  Виктория Бейтман BBC Radio 4 арнасына жалаңаш күйінде сұқбат берді.

Виктория Бейтман Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуға осылайша қарсылық білдіргісі келді. Сарапшы жүргізуші Джон Хамфриске 5 минуттың сұқбат уақытын беруі тиіс еді. Бейтман пальтосын шешкенде, жүргізуші оның жалаңаш екенін көреді.

«О, сен жалаңаш күйдесің ғой», – деді жүргізуші.

Ол мұғалімнің денесінде “Брекзит Британияны жалаңаш қалдырды” делінген жазбаны оқыды. Сұхбат кезіде сарапшы парламент мүшесі Джейкоб Рис-Моггуге қоңырау тастады. Ол Брекзиттің жақтаушысы.

«Мен Джейкобты Рис-Могпен ашық пікір талас жүргізуге шақырамын. Бұл мәселенің соңына дейін барамыз», -деді ол.

Бұл жайлы Бейтман желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін таңертең радиодан Бекзит жайлы айтам. Студияда жылы деп ойлаймын», – деп жазды.

Бейтманның бұл әрекетіне сын айтқандар бар. Көпшілік оның жалаңаштануын күлкілі деп қабылдады.

«Сізді күнә істедіңіз деп ойламаймыз, сіз күнәлі іс істедіңіз деп ойлаймын», – дейді журналист Пирс Морган.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде