{metadescription}
Шымкентте снаряд жарылып, 2 адам зардап шекті

Шымкентте снаряд жарылып, 2 адам зардап шекті

«Забадам» ықшамауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде жарылыс болды.

«11 ақпан күні Шымкент қаласының екі тұрғыны ескі үлгідегі артиллериялық снарядтың жарылуы салдарынан түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды.  Жарылыс  екі тұрғынның бірінің снарядты арамен кесуінен орын алған. Олар оны металл қабылдау орнына өткізбек болған,  - деді ол.

Дәрігерлер 1984 жылғы азаматтың сол қолы мен аяғын кесуге мәжбүр болды. Қазір ол ауыр жағдайда жатыр. Ал зардап шеккен екінші азамат 1998 жылғы. Оның сол аяғы сынып, жарақаттанған. Үйде болған ер адамдардың бірі снарядты шарқайрақпен кесіп, бөлшектемек болған. Оны металл қабылдайтын орынға өткізгісі келген екен.

Тексеріс барысында шұғыл тергеу тобы оқиға орнынан осы тәрізді ату жарақтарын тапты. Зардап шеккендердің туыстарының сөзінше, ату жарақтары түнде Арыс қаласынан әкелінген екен-мыс. Оларды бөлшектеп, металл қабылдайтын орынға өткізу үшін әкелген.

«Зардап шегушілердің туыстарының айтуынша, оқ-дәрілер түн ішінде  Арыс қаласынан металл ретінде өткізу үшін әкелінген. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан алынғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Алмас Садубаев.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде