{metadescription}
Түркістан облысында алғашқы үшемдер өмірге келді

Түркістан облысында алғашқы үшемдер өмірге келді

Түркістан облысында биыл алғаш өмірге келген үшемдер перзентханадан шығарылды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысында өмірге келген үшемдер перзентханадан шығарылды. Үш ұл бала мерзімінен бұрын өмірге келді. Сол себепті өкпесі дұрыс жетілмей туған. Алғашқы төрт тәулікте жасанды аппаратпен тыныс алды. Бір ай бойы арнайы бақылауда болды.

Салмағы 1700, 2000 грамм болып өмірге келген сәбилердің денсаулығы жақсы. Анасы Жадыра Абдралиева үш ұлына Аян, Саян, Аман деген есімдер берді. 29 жастағы келіншекке ота арқылы балаларын өмірге әкелді. Жүкті келіншек Қазығүрт ауданындаға  перинатарлық орталықта болды. Үшемдер әйелдің тұңғыш балалары. Дәрігерлер қазір сәбилер мен анасының денсаулығына еш қауіп жоқ екенін айтады.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде