{metadescription}
Еңбекке жарамсыздық парағын сатқан екі дәрігер жұмысынан қуылды

Еңбекке жарамсыздық парағын сатқан екі дәрігер жұмысынан қуылды

Павлодарда еңбекке жарамсыздық парағын сатқан екі дәрігер жұмысынан қуылды.

«Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе әлеуметтік желілерді тексеру кезінде жекеменшік емханалардың бірінде дәрігерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық парағын сатқаны анықталды», - деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын сатқандардың бірі - Павлодардың №4 емханасының мектеп медбикесі. Ол емхана қызметкерлерінің бірімен өзара қарым-қатынасын пайдалана отырып, «туысына» парақ аштырған. Екіншісі - №5 емхананың дәрігері. Тексерістердің қорытындылары бойынша, олар жұмысынан қуылды», - дейді департамент өкілдері.  

Олардың айтуынша, ендігі жерде еңбекке жарамсыздық парағының шынайылығын оның жоғары бөлігіндегі QR-код арқылы тексеруге мүмкіндік болады. Бұл сыбайластыққа жол бермейді. Жоба биыл, ақпан айында іске асырылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде