{metadescription}
Көкшетауда қыздарды алып қашып, секс-құлдыққа салған екі адам сотталды

Көкшетауда қыздарды алып қашып, секс-құлдыққа салған екі адам сотталды

Атап өтсек, істің басты фигурантымен жас қыз сыбайлас болған.

Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке салу үшін алып қашқан екі жас адам сотталды. Тергеу мәліметінше, Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны 20 жастағы таныс қызбен сыбайласып, қыздарды алып қашып, клиенттерге жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бас тартқан жәбірленушілерді бопсалап, зорлық-зомбылық көрсетіпті.

Полиция қос қылмыскерді ұстап, оларға қатысты бірнеше іс қозғады. Сот жабық түрде өткен. Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты бопсалап, зорлық-зомбылық жасап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, адамдарды ұрлағаны үшін ер адамды айыпты деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ал сыбайласы 3 жыл жазасын колонияда өтейді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде