{metadescription}
Теңіз кен орнында 25 жұмысшы уланып қалды

Теңіз кен орнында 25 жұмысшы уланып қалды

Дәрігерлердің айтуынша, 21 жұмысшы амбулаториялық ем алуға жіберілген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды.

Теңіз ауылында «ЮлмарСервиз» ЖШС-нің 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін нашар сезінген. Олар улану белгілерімен Құлсары орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Медициналық қызметкерлер хабарлағандай, науқастардың 21-ін дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды. Қазір науқастардың жағдайы бір қалыпты. Улану себебі сараптама нәтижесінде белгілі болады, деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева, деп жазады sputniknews.kz.

Бұдан бұрын Қарағанды облысы Абай қаласында жаппай улану жағдайы болған еді. Ол кезде дөнер жеп уланған 12 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде