{metadescription}
Астанада 10-сынып оқушысы жоғалып кетті

Астанада 10-сынып оқушысы жоғалып кетті

Астанада 5 күн бұрын жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы Болат Қожамжар әлі табылмады. 

16 жастағы Болатты 8 ақпан күні сағат 20:00 шамасында «Еуразия» сауда орталығының маңындағы «Versus» компьютер клубынан көрген. Болат үстіне қанық көк түсті куртка, қанық көк түсті джинсы және басына күлгін түсті бас киім киген. Бойы - 174 см.

“Мен оның жоғалғанын растаймын. Оның қайда екенін білмеймін. Алғашқы үш күнде қоңырау барып тұрды. Бірақ ол тұтқаны көтерген жоқ. Енді телефоны өшірулі. Сыныптастары оның компьютерік клубта ойнағанын айтты. Оның ойыннан жеңіліп қалған. Кейін үйге қайтпақ болған”, – дейді анасы.

Астана қалалық полиция департаменті оқушының жоғалғанына байланысты іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сыныптастардың ата-анасы да көмектесуде. Оқушыны көрген білгендер мына телефон нөмірлеріне хабарласуларына болады: 102 немесе 8 705 550 84 25.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде