{metadescription}
France Football тарихтағы ең мықты қақпашыны атады

France Football тарихтағы ең мықты қақпашыны атады

Ол "Алтын допты" иеленген жалғыз голкипер.

КССР құрамасы мен мәскеулік "Динамо" үшін ойнаған футболашы Лев Яшин France Football журналының тұжырымынша тарихтағы ең мықты қақпашы ретінде мойындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Басылым тарихтағы ұлы он қақпашының тізімін жасады. Бұл рейтингте Яшин бірінші орында. 

Еске салайық, Яшин КССР-дің бес дүркін, 1956 жылғы Олимпиада мен жылғы 1960 жылғы Еуропа чемпионы, КССР еңбек сіңірген спорт шебері. "Алтын допты" иеленген жалғыз қақпашы. Яшин 1990 жылы 60 жасында дүниеден озды. 

France Football тұжырымынша тарихтағы ең үздік қақпашылар:

1. Лев Яшин ("Динамо" Мәскеу, КССР)
2. Гордон Бэнкс (Англия)
3. Дино Дзофф (Италия)
4. Джанлуиджи Буффон (ПСЖ, Италия)
5. Мануэль Нойер (Бавария, Германия)
6. Петер Шмейхель (Дания)
7. Зепп Майер (ФРГ)
8. Икер Касильяс (Порту, Испания)
9. Эдвин ван дер Сар (Нидерланды)
10. Питер Шилтон (Англия)

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.