{metadescription}
БҚО-да 88 елді мекенді су басуы мүмкін

БҚО-да 88 елді мекенді су басуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысында алдағы көктемде су басу қаупі жоғары.

Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, биыл қардың әдеттегіден бірнеше есе көп жаууына байланысты жағдай, әсіресе, Орал қаласы, сондай-ақ Тасқала, Бәйтерек, Қазталов аудандарында күрделі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында өңірдегі 36 мыңнан астам тұрғын мекендейтін 88 елді мекенді су басу қаупі бар екені белгілі болды. Қардың биіктігі өткен жылдармен салыстырғанда, 1,5-3 есеге дейін артық.

Орал қаласында айрықша назар аударуды қажет ететін аумақтың бірі - саяжайлар екендігі белгілі. Өткен жылы саяжайларды 13 мың адам тұрақты мекендесе, биыл 14 мыңнан асты, олардың 5 мыңы - балалар. Су басу қаупі төнген жағдайда оларды көшіру қажеттігі туындайды.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Нұржан Шияптың сөзіне қарағанда, қардың биіктігі Жәнібек ауданында 33, Тасқалада 56, ал Орал қаласында 60 сантиметрге жеткен. Оған қоса қардағы ылғал қоры да жоғары болып отыр. Мысалы, Оралда 125 мм (қалыпты мөлшері 59 мм), Тасқалада 134 мм (қалыптысы 78 мм), Бәйтерек ауданының Январцев ауылы мен Жәнібек ауданында 86 мм-ге жеткен. Ал тоңның тереңдігі керісінше жылдағыдан бірнеше есе кем. Күзгі ылғал жеткіліксіз болғандықтан, жалпы ылғал қорының 20-30 пайызы топыраққа сіңуі мүмкін.

Дегенмен алдағы айларда да жауын-шашын түсетіндігін ескеру керек. Облыс өзендері наурыздың үшінші онкүндігі мен сәуірдің үшінші онкүндігі аралығында тасып, «мінез көрсетуі» ықтимал. Өзендердегі ылғал қорының мөлшері қалыпты деңгейден 100 пайызға көп. Оның үстіне қардың ылғал қоры екі есеге артып, 545 млн текше метрге (қалыпты мөлшері 256 млн текше метр) жетіп отыр. Айта кетейік, мұндай қалың қар қоры облыста соңғы отыз жылда болмағаны белгілі. 1987 жылы өңірде осындай қарлы қыс болған еді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.