{metadescription}
Қызылордада полиция көлігі апатқа ұшырады

Қызылордада полиция көлігі апатқа ұшырады

Әлеуметтік желіде оқиғаның Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті аумағында орын алғаны айтылған.

Онда полиция көлігі жол жиегіндегі  жиектасқа соғылып, біршама зақымданғаны көрініп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлікті қалалық полиция басқармасының қызметкері жүргізген. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, оған қатысты тиісті қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.