{metadescription}
Екі Boeing ұшағы соқтығысты

Екі Boeing ұшағы соқтығысты

Мәскеудегі Внуково әуежайында тіркеп сүйреу кезінде "Ресей" және Azur Air әуе компанияларының ұшақтары соқтығысып қалды.

Ресей ТК Мәскеулік көліктегі  өңіраралық тергеу басқармасының өкілі Лариса Марковецтің айтуынша, Внуково әуежайында екі Boeing ұшағы соқтығысқан. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар тіркеп сүйреу кезінде бір-біріне қанатарымен ілінісіп қалған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Azur Air  әуе компаниясы ұшағының оң жақ қанаты, ал «Ресей» әуе компаниясының ұшағының стабилизаторы зақымданған. Марковецтің сөзіне қарағанда, тергеуалды тексеріс басталды. Оқиға орнында тергеушілер келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.