{metadescription}
Инкассатор 3 млн еуроны ұрлап кеткен

Инкассатор 3 млн еуроны ұрлап кеткен

Францияда екі инкассатор ақша тиелген фургон мен  жүргізушінің жоқ екендігін көргенде естен тана жаздады.

Дегенмен артынша автомобиль жақын жерден табылған. Бірақ онда не жүргізуші, не машинада қалған 3,4 млн еуро жоқ болып шықты. Полиция ақша ұрлауға күдікті 28 жастағы Эдриан Дербесті кешке қарай ұстады. Онан инкассаторлық машинадағы ақшаның біраз бөлігі табылды. Ал 1,5 млн еуро үшті-күйлі жоқ.

Келеңсіз жағдай дүйсенбі күні болған. Таңертеңгілік  сағат алтыда үш инкассатор ақшаны Париждің солтүстігінде қала маңындағы Western Union бөлімшесіне жеткізуі тиіс еді. Екеуі ақшаның бір бөлігі салынған сөмкені бөлімшеге алып кеткен шақта үшіншісі көлікте қалған.

«Олар қайтып келгенде көшеде не машина, не жүргізуші болмаған»,-деп мәлім еткен Франс агенттігіне полициядағы дереккөз.

Сейсенбі күні полиция күдіктінің фотосын жариялады. Оны көргендердің айтуы бойынша сол күні Амьен қаласында Эдриан Дербес қолға түсті. Бұл іс бойынша тағы үш адам ұсталды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде