{metadescription}
Қазақстан таеквондошылары Түркиядағы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

Қазақстан таеквондошылары Түркиядағы халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан таеквондодан "Turkish Open" халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер және жастар құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды. 

Кадеттер арасында Әмір Салиханов пен Эльназ Нажимова алтын жүлдегер атанса, Нұрғиса Сағадатов финалда сүрінді, деп хабарлайды Olympic.kz. Арайлым Асқарова мен Эмиля Папкованың еншісінде қола медаль бар. 

Жастар құрамасы сапынан түркістандық Аманбол Бегімбетов пен Алматы облысының өкілі Мейір Нұрғазин қарсылас шақ келтірмеді. Самирхан Абабәкіров (Шымкент) күміс медаль иеленсе, Ұлықбек Мәжитов (Түркістан обл), Наргиза Қойшыбекова (Тараз), Арайлым Тасболат (Түркістан) және Зиода Ирисметова (Шымкент) қола жүлдегерлер қатарында. 

Түркиядағы ірі халықаралық турнирге кадеттер арасынан 262, жастар арасынан 561 спортшы бақ сынағанын айта кеткен жөн. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.