{metadescription}
Қазақстандық әлем чемпионы зәулім үйін сатқалы жатыр

Қазақстандық әлем чемпионы зәулім үйін сатқалы жатыр

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Америкадағы үйін сатып жатыр. 

Las Vegas Now мәліметінше, үш қабатты зәулім үйдің ауданы 2,8 мың шаршы метр, ол Лас-Вегастың элиталық ауданында орналасқан. Сатылым бағасы - 4,75 миллион доллар. Ғимаратта алты жатын бөлме, тоғыз ванна, кинотеатр, шарап жертөлесі бар. Тұрғынға қолайлы болуы үшін лифт орналасқан.

Шүменовтің үйін сатумен Шеннон Смиттың жылжымайтын мүлік агенттігі айналысып жатыр. Риелтор Шеннон Смит бөлмелердің биік екендігін, тіпті баскетболшы Шакил О’Нил өзін кішкентай сезінетінін жеткізген. Айта кетейік, Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы "тұрақты" әлем чемпионы болып саналады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.