{metadescription}
Депутат дүкеннен сэндвич ұрлағаннан кейін отставкаға кетті

Депутат дүкеннен сэндвич ұрлағаннан кейін отставкаға кетті

Дарий Крайчич бір-бірімен сөйлесіп тұрған супермаркет қызметкерлері байқамай қалғанын атап өтті.

Словения парламентінің депутаты Дарий Крайчич Любляна қаласындағы дүкеннен сэндвич ұрлағаннан кейін отставкаға кетті. Крайчичтің айтуынша, оны супермаркетте ешкім елемеген, сондықтан ол алған затының ақшасын төлемей кетіп, қауіпсіздік жүйесін тексеріп көрмекші болыпты. Ұрлықты ешкім байқамаған. Депутат, өзінің айтуынша, бутербродтың ақысын төлеуге қайтып келген. Кракич «әлеуметтік эксперимент» жасағанына өкінетінін айтып, кешірім сұрады.

«Сөренің жанында үш минуттай тұрған шығармын. Маған ешкім келмеді, ешкім айқайлаған жоқ», - дейді депутат.

Крайчич осы оқиғаны өз партиясының өзге өкілдеріне айтып беріпті, олар алдымен күлген де қойған, бірақ бейсенбіде парламент фракциясының төрағасы Бране Голубович Кракичтің іс-әрекетін айыптады.

«Ол жауапкершілікті өз мойнына алып, өз еркімен жүрген», - деп мәлімдеді Голубович.

Кракич парламентке өткен жылдың қыркүйегінде сайланды, сол кезде «Марьян Шарецтің тізімі» партиясы билеуші коалицияда басымдыққа ие болған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде