{metadescription}
Бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы ойын клубынан табылды

Бір апта бұрын жоғалып кеткен оқушы ойын клубынан табылды

Ақпан айының 8-інде жоғалып кеткен 2002 жылғы Болат Қожамжар аман-есен табылды. 

Оны соңғы рет таныстары «Еуразия» сауда орталығының маңындағы копьютер клубтан көрген. Әкесінің айтуынша, баласы жоғалатын күні басым ауырып тұр деп өзімен бірге мешітке барғысы келмеген. Дәл сол күні әкесі оған шаш қию үшін 2000 теңге ақша берген.
Ал содан кейін бала үйге де келмей, ата-анасына да хабарласпаған. Хабарламалар мен әлеуметтік желіден байланыса алмаған соң, ата-анасы полияция қызметіне жүгінген.

Баланы 15-ақпан күні кешкі сағат 18:00 шамасында полицейлер жеткіншекті қаладағы компьютер клубтарының бірінен тапқан. Болаттың өзі болса бұндай әрекетке әкесі ұрғаны үшін барғанын айтады. 

Еске сала кетейік, Болат 8 ақпан күні үйінен шыққаннан кейін қайта оралмаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.