{metadescription}
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева елге оралмақ

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева елге оралмақ

2 жыл бұрын Ресейге кетіп қалған қазақстандық талантты шахматшы Бибісара Асаубаеваның Қазақстанға оралатынын мәлім етті.

Деректер бойынша, 7 ақпан күні ҚШФ президентіне спортшының менеджері хабарласып, оның Қазақстан Шахмат федерациясына оралу жайындағы арыз-өтініш берген. Ресейлік шахмат федерациясы да шахшатшының ҚШФ-на қайтарылуына келісім бергенін растады. ҚШФ өз кезегінде спортшының елге оралуына қажетті құжаттар мен өтініш жіберді.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева Таразда туып-өскен, Қазақстан туын көтеріп, төрт мәрте әлем чемпионатын жеңіп алды. Қазақстан шахмат федерациясы өз кезегінде, ФИДЕ-ге Бибісара Асаубаны ҚШФ-на қайтару үшін өтініш пен қажетті құжаттарды жіберді.

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде