{metadescription}
Алматыда көпқабатты үй өртке оранды

Алматыда көпқабатты үй өртке оранды

Алматыдағы көпқабатты үй өртке оранып, елу адам, соның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

«16 ақпан күні 13:38-де Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 75-үйдегі пәтерлердің бірінің балконынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 6 минуттан соң, 13:44-те оқиға орнына жетіп барды», - деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Анықталғандай, 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің балконында тұрған заттардан өрт шығып, артынша үйдің ішіне енген. 50 адам, соның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде тілсіз жаудың жоғарыдағы пәтерлерге таралуының алды алынды. Жалын шарпыған аумақ - 25 шаршы метр. Өрт 13:54-те ауыздықталып, 14:01-де толықтай сөндірілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.