{metadescription}
Алматы облысында жолда 20 жастағы жігіт өлді

Алматы облысында жолда 20 жастағы жігіт өлді

Жол апаты қалың тұман кезінде болған.

Көлік бірнеше рет аударылып кеткен. Алматы облысында жол көлік апаты 20 жастағы жүргізушінің өмірін қиды. Оқиға Қарасай ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Carina жүргізушісі белгісіз себеппен рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, жыраға түсіп кетіп, бірнеше рет аударылған.

1999 жылы туған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Мәйітті шығару үшін құтқарушылар көліктің шатырын кесуге мәжбүр болды.  

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.