{metadescription}
«Әйелімді зорлады» отбасылы еркек қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады

«Әйелімді зорлады» отбасылы еркек қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қырғызстан тұрғыны әйелін ренжіткен адамға түн ортасында келіп, оны бірнеше жерден пышақтаған.

Ыстық көл аудандық соты ер адамды ұрып-соғып, жыныс мүшесін кесіп тастаған қырғызстандықты 14,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының сайтында жазылды,

Соттың мәліметінше, оқиға 2018 жылдың 16 тамызында Шолпан ата қаласында болған. Сағат 23.30 шамасында А А. сарайға кіріп, Т.Б-дан: «Сен неге менің әйелімді зорладың?» деп сұраған. Содан кейін оны сойылмен ұрып-соғып, бірнеше рет пышақ сұғып, жыныс мүшесін кесіп тастаған.

Сот сараптамасы Т. Б. травматикалық шоктан қайтыс болғанын анықтады. Оның қабырғасы сынып, ішкі ағзалары зақымданған. Денесін көшеде қалдырып кеткендіктен, марқұмның бетін ит жайнап тастапты.

Күдікті зорлықшыны өлтірмегенін мәлімдеді, айтуынша, ұрып-соғып, шешіндіріп, киімін өртеп жібергеннен кейін үйіне кетіп қалған. Т.Б. әйелімді зорлағанын білгеннен кейін осындай қылмысқа бардым деп отыр. Күдікті ашу үстінде қылмыс жасағаны үшін кешірім сұрады.

«Сот-психиатриялық сараптама А.А-ның ақыл-есі дұрыс және өз әрекетіне жауап бере алатындай жағдайда болғанын анықтады», - деп жазылған құжатта.

Марқұмның жақындары қылмыскерді өмір бойына түрмеге жабуды талап етті. Ыстық көл аудандық соты айыпталушы А. А-ны кінәлі деп тауып,  кісі өлтіргені үшін 14,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде