{metadescription}
Қазақстандық ару Сингапурдегі сұлулық байқауында жеңіске жетті: ФОТО

Қазақстандық ару Сингапурдегі сұлулық байқауында жеңіске жетті: ФОТО

Бойжеткен Miss Heritage International XI Халықаралық сұлулық байқауының беделді титулын иеленді.

Алматылық колледждің студенті Гүлбану Мадиярова Сингапурдегі Miss Heritage International 2019 халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті. Он жеті жастағы алматылық байқауға Орталық Азия елдерінің атынан қатысты.


«Осындай ауқымдағы байқауларда Қазақстанды таныстыру мүмкіндігін алғаным қандай тамаша. Мен біздің дәстүріміз бен  халқымыздың мақтаныштарын жеткізуге мүмкіндік аламын», - деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Халықаралық байқаудың алғашқы күндерінен бастап Гүлбану көш басында болып, конкурстың Miss Ethnic Heritage 2019 номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Финалда ол Miss Face of Ambassador Heritage 2019 номинациясын жеңіп алды.

Нәтижесінде қазақстандық 30 сұлуды басып озып, Miss Heritage International 2019 XI халықаралық сұлулық байқауының беделді титулын иеленді. Үздік бестікке Филиппин, Кения, Замбия және Непал өкілдері енді. Тағы бір алматылық ару Балнұр Әлімхалиева алтыншы орынды және Miss Personality Heritage International 2019 атағын алды. Бұл сайыста ол Қазақстанның намысын қорғады.

Гүлбану Мадиярова жыл бойы Heritage International ұйымдастырған Шығыс Азия елдеріндегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына қатысады. Қыздар 19 ақпанда Алматыға оралады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде