{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

«Қарағанды-Атасу» тасжолында жантүршігерлік көлік апаты болды.

Оқиға салдарынан төрт адам қаза болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 17 ақпан күні 17.00 шамасында Ақой кентінен 15 шақырым қашықтықта Қарағанды қаласына келе жатқан  35 жастағы «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолға шығып кетіп, «Мазда» автокөлігімен соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, апат көктайғақ салдарынан болған. 

«Ауди-100» автокөлігінің төрт жолаушысы оқиға орынында көз жұмған, ал «Мазда» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде