{metadescription}
Шымкентте бір отбасын қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте бір отбасын қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кеткен күдікті ұсталды.

Әйелі мен күйеуін өлтірді деген күдікке 27 жастағы жігіт ілліккен. Қазір ол қамауда. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі «Ағымдағы жылдың 16 ақпанында жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі адамды өлтірген күдікті 27 жасар Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.Мойындау айғақтары тәркіленген заттай дәлелдермен расталып отыр.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті тұтқынға алынды.Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.»

Еске салайық, алтыншы ақпан күні қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кеткен. Оқиға орнында қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы жұмыс істеген. Бірқатар сараптама тағайындалған. Шымкент қаласында ерлі-зайыптыларды өлтіру жайты бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: otyrar.kz

Кеше

21 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.