{metadescription}
Жеке құжаттарды өзімен бірге ұстап жүрудің қажеті болмай қалады

Жеке құжаттарды өзімен бірге ұстап жүрудің қажеті болмай қалады

«Ұлттық ақпараттық теxнологиялар» АҚ жеке құжаттардың электронды қоймасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Компанияның басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, ағымдағы жылы бірнеше жобаны іске асыру жоспарланған. Соның ішінде «Digi Locker» қызметі де бар.

«Аталған жобаның маңыздылығы неде? Қазіргі кезде біз сан алуан мәліметтерді Gmail-да, яғни шетелде сақтаймыз. Ал Digi Locker өзіміздің электронды қоймамыз іспетті. Онда жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және тағы басқа ресми құжаттарды сақтауға болады. Мысалы, ол құжаттарды үйде қалдырып кетсеңіз, смартфон арқылы Digi Locker-ге кіріп, кез келген жеке құжатты көрсетуге болады. Онда «egov-пен расталған» деген жазу да болады. Бүгінде біз кез келген адамның ұялы телефонында жеке куәліктің фото-көшірмесі жүреді. Digi Locker болса, ол құжаттардың заңды түрде алынғанын растай алады. Біз аталған жобаны бизнес қауымдастыққа таныстырдық. Біреулер іске асырамыз десе, біз дайынбыз», - деді Ә.Тұрысов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде egov порталын пайдаланатын азаматтардың саны 8,6 миллионнан асты. Өткен жылы портал арқылы аударылған транзакциялардың жалпы сомасы 18,5 миллиард теңгеден артық болды. Бүгінде мемлекеттік қызметтерді порталдың негізінде ғана емес, Телеграмм-бот арқылы да алуға болады.

Бұдан бөлек, виртуалды кеңес беру бағдарламасы қолға алынды. Қазіргі кезде чат-бот 1414.kz форумында, egov.kz порталында, Telegram және Facebook мессенджерлерінде тестілік режимде іске қосылды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде