{metadescription}
Дәрігер науқастары үшін 82 келі арықтаған

Дәрігер науқастары үшін 82 келі арықтаған

Ұлыбританияда дәрігер өз пациенттеріне үлгі беру үшін 82 келіге арықтады.

24 жастағы Майлз Брайерс жедел жәрдем қызметінде жасап жүріп,  науқастарын шабыттандыру үшін екі есе арықтаған. Салмағы 158 келі болатын ер адам пациенттерін қарап жатқан уақытта үнемі терлеп, өзін жайсыз сезінген. Ол үнемі жылдам жасалатын тағамдармен, яғни пицца, бургер және шоколад батондарын жеп, қуат беретін сусындар ішкен екен.

 «Мен үнемі жан-тәнімді салып жұмыс істейтінмін. Алайда жиі қиындыққа ұшырап тұратын едім. Жедел жәрдем дәрігерлері науқасты құтқару үшін жан ұшыра жетіп келуі тиіс кездер болады. Мұндай кездерде пациентке шаршаған күйде әрең жететінмін», – дейді ер адам.

Брайерс пациенттеріне теріс үлгі беріп жүргенін сезініп, денесін қалыпқа келтіру керектігін түсінген. Ол арықтау жөнінде шешім қабылдап, зиянды тағамдардан бас тартқан. Сөйтіп, 30 келі салмақтан арылған. Алайда, бұл нәтиже дәрігерді мүлде қуантпаған, кейін арықтауға арналған арнайы бағдарлама бойынша жұмыс жасауды жөн көрген.

«Бәрі түбегейлі өзгерді. Алдыма мақсат қойып, жүзеге асыра бастадым. Содан бері діттеген мақсатыма жету үшін табандылық танытып келемін», – дейді 24 жастағы Брайерс.

Ер адам өзінің сырт келбеті мен өзгеруіне қатысты оқиғасы бір адамды болсын шабыттандырады деп үміттенеді. Ол жедел жәрдем дәрігерінің өз міндетін ақтарып қана қоймай, белгілі бір тәртіпке сай өмір сүруі керектігіне сенімді.

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.